Қызылжар ауданына қарасты Бәйтерек ауылының тұрғыны Нұржан Қошбаевтың әр таңы жылыжайға жайғасқан көкөністердің жәй-күйін қарап, жағдайын көзбен көруден басталады. Өңірімізге 2000 - жылдары Өзбекстаннан қоныс аударған ол, алғашында түрлі жерде жұмыс істеп көрген. Алайда бір жерде еңбек адамына жасалған жағдай көңілінен шықпаса, енді бірінде жалақы мардымсыз. Осылайша үш баланың әкесі ешкімге жалтақтамас үшін өз ісін ашуға бел буады. Осыдан 10 жыл бұрын бір ғана жылыжайдан басталған кәсіп бүгінде, өңір халқын дәруменге бай көкөніс түрлерімен жыл 12 ай қамтамасыз етіп отыр.
Жаңа ортаға бейімделу, жаңа жерге үйрену – бұл әр адамның өміріндегі маңызды кезең. Нұржан үшін бұл кезең қиындықтар мен сынақтарға толы болды, бірақ ол ешқашан берілмей, өзінің мақсатына жету үшін еңбек етті.
СНХ: Нұржан Қошбаев – жеке кәсіпкер
Отбасылық кәсіп меншігінде бүгінде 12 жылыжай бар. Олар жалпы аумағы 50 соток жерге орналасқан. Онда Нұржан қияр, қызанақ, шалғам, ақжелкен, аскөк, қымыздық, салат жапырақтары, кабачки секілді көкөніс түрлерін өсіреді.
СНХ: Нұржан Қошбаев – жеке кәсіпкер
Мәселен қияр өсіп тұрған мына жылыжайдан бір маусымда 10 тоннаға дейін өнім алуға болады екен. Бұл – үлкен көрсеткіш.
Теріскейдің ауа-райы құбылмалы. Алайда Нұржан көктемі кеш шығатын, қысы ерте түсетін солтүстіктің табиғатында да көкөніс шаруашылығын дамытуға болатындығын өзінің ісімен дәлелдеп отыр. Бұдан өңірімізге оңтүстіктен жеткізілетін көкөністерге конкуренттік орта құрылып жатқандығын көруге болады.
СНХ: Нұрсұлтан Хуатов – Қызылжар ауылдық округінің әкімі
Солтүстік Қазақстанда өсірілген көкөністер, тек дәмімен емес, сонымен қатар, денсаулыққа пайдасы мол, бай дәрумендерімен де бағаланады.