Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданында абаттандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жыл басынан бері жолдарды жөндеу, демалыс орындарын салу және әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар қолға алынған. Смирново ауылында жаңа саябақ ашылып, заманауи балалар ойын алаңы пайда болды. Барлық атқарылып жатқан жұмыстар ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Смирново ауылында көшелерге жаңа асфальт төселді. Енді ауылішілік жолдарды жөндеу жоспарланып отыр. Ауылдың орталық бөлігі айтарлықтай өзгерген: серуендеуге арналған аллеялар мен демалыс аймақтары бар саябақ ашылып, заманауи сәулет элементтері орнатылған. Жобаның жалпы құны – 183 миллион теңге. Саябақ жанынан қауіпсіздік талаптарына сай келетін, жаңа ойын кешендерімен жабдықталған балалар алаңы салынды.

СНХР: АЙГҮЛ ЖҮНІСБАЕВА, СМИРНОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ


2025 жылдың соңына дейін ауданда жалпы ұзындығы 65 шақырым жол жөнделеді. Бұл мақсатқа 3,3 миллиард теңге бөлінген.

СНХР: ДАНИЯР ҚАПАШЕВ, АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ СӘУЛЕТ, ҚҰРЫЛЫС, ТҮКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ


Ауыл тұрғындарының айтуынша, аудан айтарлықтай өзгерген. Жаңа жолдар көлік қатынасын жақсартып, абаттандырылған қоғамдық орындар балаларымен келген отбасылар үшін тартымды демалыс мекенге айналған.

СНХР: АЛЕКСАНР ХАМУЛЕНКО, СМИРНОВО АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ


Абаттандырылу жобаларын жүзеге асыруға қатысқан барлық адамдарға алғыс айтылды. Халық оң өзгерістердің жалғасатынына сенімді және аудан осындай қарқынмен дамуын жалғастыра береді деп үміттенеді.