Облыс әкімі жұмыс сапарымен Айыртау ауданында болды. Онда өңір басшысы бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылыс қарқынын бағамдады. Егістік алқаптардың жәй-күйі көріп диқандар қауымымен жүздесті. Жергілікті халықпен әңгіме кезінде мемлекеттік бағдарламалардың облысымызда жүзеге асырылу барысынан құлағдар етіп, аталмыш ауданда туризм саласын датытуға қатысты жоспарлармен бөлісті. 

Айыртау ауданындағы Бірлестік ауылында ақ түйенің қарны жарылатын күн алыс емес. Қазақы қаймағы бұзылмаған ауылда жақында мәдени-сауықтыру орталығы ашылады. Жылу жинап, нысанды жаңғыртуға талпынған жергілікті жұртшылыққа билік жәрдемдесті. Іске 157 млн теңгеге жуық қаржы бөлінді, мердігер анықталды, нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар осындай ғимарат пайда болды. Орталықтың табалдырығын ауданға жұмыс сапарымен барған аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов аттады.

СНХ: ХАМЗАТ АВХАДОВ, «ТЕХНОКОМ» ЖШС директоры


Бірлестікте 80-ші жылдардан бері халықтық домбыра ансамблі бар. Талай шарада төбе көрсеткен топ енді осы жерде сабақ өткізеді. Жеткіншек қыздар қонақтарға күй орындап берді.

Бірлестікте спортқа құштар жастар да тұрады. Алайда, спортзал жоқ. Балалар қыста мектепте жаттығады. Облыс әкімімен тілдесу кезінде ауыл үлкендері осы мәселені көтерді.

Тұрғындар үшін тағы бір жағымды жаңалық - үйлерге тіршілік көзінің кіргізілуі. Ауылға су құбыры тартылды. Қазір таратқыш нысан салынып жатыр. Жоспар бойынша ауқымды жұмыс тамыз айының соңында аяқталады.

СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі


Айыртаудың топырағы құнарлы. Егін де, шөп те жақсы өседі. Биылғы астықтың жағдайы, шабындықтағы қарқын жайлы аймақ басшысы Лавровка ауылының іргесіндегі алқаптардың біріне жиналған диқандардан сұрады. Ағымдағы жылы қамба толады. Сәтін салса, майлы дақыл молынан жиналмақ. Кәсіпкерлер осыны айтты. Өз кезегінде Ғауез Нұрмұхамбетов мемлекеттік қолдау туралы баяндады. Антоновка ауылында мынадай үйлер салынып жатыр. Оларды маман тапшылығын сезінген сүт-тауарлы ферманың директоры тұрғызуда.

Кәсіпкер жұмысшылары үшін 10 үй салмақ. Баспаналардың еңсесі биік, іші кең. Өңір жетекшісі іскер жанның бастамасын қолдап, сәттілік тіледі. Тоғыз жолдың торабында тұрған Антоновкада қызмет көрсету орындарының көп болғаны жөн. Алдағы айда ауылда дүкен ашылады. Мұнда қымызхана бар. 25 жастағы жігіт 10-нан астам бие сауғызып, ұлттық сусын сатуда. Болашақта Қамбар ата төлінің санын 100-ге жеткізгісі келеді. Саумалкөлдің іргесінде асфальт-бетон зауыты жұмыс істейді. Бұл жерде тонналап өнім өндіріледі, тонналап жүк артылады. Ал оны бақылап жатқан адам жоқ. Салдарынан жолдарда шұрық-тесік пайда болады.

СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі


Айыртауда әлем назарын аударар "Сырымбет" жобасы қолға алынды. Кешегі Шоқандардың табаны тиген аумақта қалайының мол қоры бар. Алдағы уақытта химиялық элементті жаппай өндіру басталады. Ал кен орнын игеруші компанияға маман қажет. «Tin One mining» АҚ алысқа назар аудармады, "Саумалкөл ауылының агротехникалық колледжімен" меморандумға қол қойды.

Ортақ құжат аясында енді колледж қабырғасында тау-кен ісі мамандығы бойынша мамандар дайындалады. Тағы бір жағымды жаңалық - білім ұясы жатақханасының жөнделуі. Аймақ басшысы жауаптыларға жоба әзірлеу жөнінде тапсырма берді. Ауданда қысқа дайындық жұмыстары жүргізілуде. Ғауез Нұрмұхамбетов әзірлікпен танысып, кем-кеттікке жол жоқтығын баса айтты. Қазір "Шалқар су" шипажайы да күрделі жөндеу көруде. Заманауи 100-ден астам нөмір болатын демалыс орны биыл ашылады.

СНХ: АҚАН ЖАНПЕЙІСОВ, «Шалқар су» шипажайының директоры


Өкінішке қарай, өңірдегі демалыс орындарымен әлі марқая алмаймыз. Шалқар көлінің жағасында өзекті мәселенің беті ашылды. Мұндағы демалыс орындарының барлығында бірдей құтқару бекеттері жоқ.

Қуанышымызға орай, биыл Шалқар мен Имантау көлінің маңындағы демалыс орындарының барлығына интернет жетеді. Бұл тұтас саланың алға жылжуына әсер етпек. Бүгінде "Сокол" балаларды сауықтыру лагерінде Wi-Fi бар. Бұл лагерь бірнеше жыл жұмыс істемеді. Ағымдағы жылы тамырына қайтадан қан жүгіріп, ұл-қыздарды қабылдады. Қазір түрлі жастағы балалар алаңсыз тынығып жатыр.

Ал аудандағы аға буын өкілдері алаңсыз өмір сүре алмай отыр. Өзекті мәселелер аймақ басшысының халықпен кездесуінде көтерілді.

СНХ: ҚАЗИҚАН КЕНЖЕБАЕВ, Кутузовка ауылының тұрғыны, Айыртау ауданы


СНХ: МЕЙРАМ МЕҢДІБАЕВ, Айыртау ауданының әкімі


 Мұндай мәселе Саумалкөлде де бар. Аудан орталығындағы тағы бір өзекті мәселе - судың тұрақты түрде берілмеуі. Кездесуде халық бүгін де тіршілік көзінің жоқтығын айтты. Бұған себеп - Ақмола облысындағы апат. Жоспар бойынша кешке су жетеді.

СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі


Кездесуде аудандық әкімдік өкілдерінің ақпараттандыру жұмысын сылбыр жүргізетіні ашық айтылды. Қоныстанушылардың үйлері де сапасыз. Оларды жөндеу керек. Іс баяу атқарылуда. Жиын қорытындысы бойынша Имантауда бос уақыт өткізетін жер ашылады және Каменный Брод орта мектебі жөнделетін болды. Сапар соңында облысы Ғауез Нұрмұхамбетов Кутузовкадағы құрғақ бие сүтін, қымыз шығаратын ферманың құрылысымен танысты.