Қызылжар телеарнасына биыл 65 жыл. Бұл шығармашылық ұжым үшін үлкен қуаныш. Өңірдің басты арнасы ұзақ уақыт бойы көрерменнің сенімді серігі болып келеді. Арна қызметкерлері өздерінің алғаш жұмысқа келген уақыттары және қызықты сәттерімен бөлісті.
Самат Есмағи Еуразия ұлттық университетін аяқтап, Астана қаласындағы Астана телеарнасында тәжірибе жинап, кейін 2004 жылы Қызылжар телеарнасына тілші болып жұмысқа орналасқан. Ол кезде барлығында бірдей компьютер жоқ. Кейде барып келген сюжетті ақ параққа қаламмен жазатын күндер де болған дейді ол.
СНХ: САМАТ ЕСМАҒИ, «ҚАЗАҚСТАН» РТРК» АҚ СҚОФ РЕДАКТОРЫ
Тілшілер – ақпарат айдынында алдыңғы шепте жүрген жандар. Олардың жұмысы тек сұхбат алып, кадр жинаумен шектелмейді. Әрбір сюжет – терең зерттеу мен жан-жақты сараптаудың нәтижесі. ЖОО-нын енді тәмәмдаған жас маман Аснурия Абдула бүгінде кәсіби маманнан кем түспейді. 2-ші курстан бастап телеарнаның өміріне араласып жүрген студент қазір өз ісіне жауапты мамандардың бірі.
СНХ: АСНУРИЯ АБДУЛА, «ҚАЗАҚСТАН» РТРК» АҚ СҚОФ РЕДАКТОРЫ
Режиссер үшін де сценарийді жай ғана оқып шығу жеткіліксіз – кейіпкерлерді тереңірек танып, олардың жан-дүниесін түсіну керек. Жанна Сырымқызы — «Қызылжар» телеарнасының режиссері. Ол бұл арнадағы еңбек жолын 2014 жылы радиода инженер қызметінен бастаған. Уақыт өте келе сайтта, суфлер бөлімінде жұмыс істеп, кәсіби тұрғыда шыңдала түсті. Кейін өзін режиссер ретінде сынап көрді. Содан бері Жанна Таласпай экран сыртында көрерменге сапалы әрі көркем кадр ұсыну үшін табанды еңбек етіп келеді.
СНХ: ЖАННА ТАЛАСПАЙ, «ҚАЗАҚСТАН» РТРК» АҚ СҚОФ РЕЖИССЕРІ
Телеарнада көрерменге сапалы, мазмұнды жаңалық тұтас бір шығармашылық топтың тынымсыз жұмысы жатыр. Солардың ішінде оператор мен монтажердің рөлін ерекше атап өткен жөн. Оператор – әрбір кадрдың көркемдігіне жауапты. Ал монтажер – сол сәттерді бір жүйеге келтіріп, көрерменге әсерлі әрі түсінікті дүние ұсынатын кәсіби шебер. Осы шығармашылық процестің қақ ортасында жүретін ол - журналист.