Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі - Солтүстік Қазақстан облысындағы ең көне әрі беделді оқу орындарының бірі. Ондаған жылдар бойы жемісті жұмыс нәтижесінде колледж өңір мен еліміздің машина жасау, көлік, теміржол және өзге де экономикалық салалары үшін мамандар даярлайтын нағыз ұстаханаға айналды.

Аталмыш оқу орнының түлектері бүгінде еліміздің ірі өндіріс орындарында жұмыс істеп, өнеркәсіптің дамуына үлес қосып жүр. Солардың бірі - колледж студенті Василий Шабанов. Ол биыл "Қазақстанның ТОП-100 үздік студенті" республикалық жобасына қатысып, өз жұмысын ұсынды. Байқау Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткізілген болатын.

СНХ: ВАСИЛИЙ ШАБАНОВ, Б.ӘШІМОВ АТЫНДАҒЫ ПЕТРОПАВЛ МАШИНА ЖАСАУ ЖӘНЕ КӨЛІК КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ


СНХ: МИХАИЛ СУЩИК, Б,ӘШІМОВ АТЫНДАҒЫ ПЕТРОПАВЛ МАШИНА ЖАСАУ ЖӘНЕ КӨЛІК КОЛЛЕДЖІНІҢ ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ШЕБЕРІ


Осындай бірнеше құрылғы өңірдегі білім беру ұйымдарына табысталды. Жалпы, Б. Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде мыңға жуық студент білім алады. Колледж 12 мамандық бойынша жұмыс берушілермен тығыз әріптестік орнатқан.

СНХ: АНАТОЛИЙ ФУРМАНЮК, Б.ӘШІМОВ АТЫНДАҒЫ ПЕТРОПАВЛ МАШИНА ЖАСАУ ЖӘНЕ КӨЛІК КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ


Биылғы оқу жылында колледжді 280 студент тәмамдады. Оның шамамен 60 пайызы жұмысқа орналасқан.