«Солнечный дом» қоғамдық қоры даун синдромы бар балалар мен олардың ата-аналарына қолдау көрсетумен айналысады. 2015 жылдан бері белсенділер ерекше қажеттілігі бар балаларды шығармашылыққа баулып спортпен айналысуларына мүмкіндік беріп, волонтерлік қозғалысты дамытып келеді.
Екі жылдан астам уақыт бойы балалар Спорт сарайында тұрақты түрде спортпен шұғылданып келеді. Жаттығулардың арқасында олардың бұлшықеттері күшейіп, тәртіпке үйреніп, салмақтарын бақылауда ұстауға машықтануда. Бұрын олар «диагнозы бар балалар» ретінде қабылданса, бүгінде – халықаралық аренада Қазақстан атынан өнер көрсетіп жүрген нағыз спортшылар. «Солнечный дом» қоғамдық қорының тәрбиеленушілері енді Түркияда өтетін жеңіл атлетика мен үстел теннисінен жарысқа қатысуды жоспарлап отыр.
СНХР: ТАТЬЯНА ДЕЛЛЬ – «СОЛНЕЧНЫЙ ДОМ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ
«Солнечный дом» қоғамдық қоры он жылға жуық белсенді жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде ерекше балалар халықаралық жарыстарға жиі қатысып, жеңіс тұғырынан көрініп, жүлделі орындармен оралып жүр.
СНХР: НАДЕЖДА ЕСИМОВА — қала тұрғыны
«Солнечный дом» қоғамдық қорының белсенділерінің айтуынша, жарыстарға бару балаларды тұрақты түрде спортпен айналысуға ынталандырады. Мұндай сапарлар кезінде олар басқа елдердің қатысушыларымен тәжірибе алмасады. Балалар өз мүмкіндіктерін Қазақстанда ғана емес, Қырғызстан мен Түркияда да бірнеше рет дәлелдеген. Мұндай бастамаларды қолдау — жай ғана қайырымдылық емес, бұл — инклюзивті қоғамға үлес қосу.