Есіл ауданына жасаған жұмыс сапары аясында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов тек «Ішімдіксіз ауыл» акциясына қосылған өңірдің 18-ші елді мекені Еңбек ауылына ғана емес, бірқатар маңызды нысандарға да барды.
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жұмыс сапары барысында Явленка ауылына барды. Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне жаңа үйлердің кілттері табысталды. Көптен күткен арманына қол жеткізгендердің бірі - көпбалалы отбасы.
СНХ: Айнагүл Сұрағанова, Явленка ауылының тұрғыны
СНХ: Ғауез Нұрмұхамбетов, СҚО әкімі
Аймақ басшысы Петропавл-Жезқазған автожолының жөндеу жұмыстарымен танысты. Мұнда ұзындығы 200 шақырымнан астам жолға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жобаның құны - шамамен 25 миллиард теңгені құрайды. Облыс басшысы барлық жұмыстардың сапалы әрі уақытында аяқталуын тапсырды.
СНХ: Ғауез Нұрмұхамбетов, СҚО әкімі
Сондай-ақ, әкім Мальцево ауылы маңындағы көпірдің қайта жөндеу жұмысымен танысты. Жоспар бойынша, бұл нысан қазан айында пайдалануға берілуі тиіс.
Ал Покровка ауылында өңір басшысы «Стрелец» ЖК қызметімен танысты. Мұнда 12 жылдан бері құнарлы органикалық тыңайтқыш өндіріп, құрт өсірумен айналысады. Өнім Қазақстан бойынша сұранысқа ие. Жоба бірегейлігімен және қуаттылығымен ерекшеленеді. Әкім оны мемлекеттік қолдау шаралары аясында дамыту мүмкіндігін ұсынды. Кейін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Есіл орман шаруашылығына» барды. Мұнда жыл сайын орман қоры толықтырылады. Биыл СҚО бойынша 24,5 млн көшет отырғызу жоспарланған. Келесі бағыт - «Родник» балалар лагері. Мұнда инфрақұрылым жаңартылып, балалардың жайлы демалысы үшін барлық жағдай жасалған.
СНХ: Гүлмира Дәуітбаева, Есіл ауданы білім бөлімінің басшысы
Ал «Ильинское» ЖШС егіс алқаптарында мал азығын дайындау жұмыстары жүріп жатыр. Шаруашылық заманауи техникалар санын көбейтіп, агроқұрылым жұмыстарының мерзімі мен сапасын жақсартуда. Облыс басшысы диқандармен кездесіп, мемлекеттік қолдау бағдарламаларымен таныстырды. Сонымен қатар, Ильинка ауылында Александр Бурлев басқаратын серіктестік қаражатына жаңа спорт кешені салынды.
Сонымен қатар, шаруашылық жұмысшыларына арналған жаңа үйлер де салынды. Облыс әкімі «Ильинское» ЖШС қызметкерлеріне тұрмыстық техника сыйға тартты. Жұмыс сапары аудан халқымен кездесумен аяқталды. Түрлі сұрақтар қойылды, басты тақырып - жол мәселесі болды. Облыс әкімі барлық өтініштерді бақылауға алуды тапсырды. Ол өз сөзінде жұмысшы мамандықтардың өңір үшін маңыздылығын ерекше атап өтті.
СНХ: Ғауез Нұрмұхамбетов, СҚО әкімі
Есіл ауданына жасалған жұмыс сапары әлеуметтік салада да, агроөнеркәсіп кешенінде де оң өзгерістер бар екенін көрсетті. Алда - жаңа жобаларды іске асыру және жергілікті халықты толғандырған мәселелерді шешу міндеті тұр.