Президент «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің» төрағасы Рустам Қарағойшинді қабылдады. Ол мемлекет басшысына былтыр атқарған жұмыстар туралы есеп беріп, биылғы жоспарымен таныстырды. (( КЕСТЕ: )) Холдинг ірі, орта және шағын бизнесті қолдауға және тұрғын үй-құрылыс секторының жұмысын жақсарту үшін 6 трлн теңге бөлген. Активтері қазір 14 трлн теңгеге жетті. Инвестициялық және несие портфелі 10,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Ал таза табысы 416 млрд теңгеге жетті. (( КСМ: )) Қасым-Жомарт Тоқаев «Бәйтерек» холдингіне екінші деңгейлі банктермен бірлесіп, экономиканың нақты секторын қаржыландыруды, Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту ұлттық жобасын іске асыруға қаржы тарту мәселесін шешуді тапсырды.