Биыл еліміздегі жолдарды жөндеуге 781 миллиард теңге қарастырылған. Қазіргі жоспар бойынша 8 800 шақырым жолда түрлі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы «ҚазАвтоЖолдың» басқарма төрағасы Дархан Иманашев айтты. Оның ішінде: 2 100 шақырымда құрылыс және қайта жаңартылып, 460 шақырымда күрделі жөндеу істеліп, 6 300 шақырымда орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Бұдан бөлек, брифинг барысында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының сапасын тексеру бойынша «Халықтық бақылау» жобасы іске қосылатыны айтылды. Оның көмегімен азаматтар 1403 байланыс орталығына хабарласып, жолға қатысты арыз-шағымдарын білдіре алады.
СНХ: ДАРХАН ИМАНАШЕВ «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ