Мемлекеттік тілді жарнама арқылы насихаттау. Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжде «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» атты облыстық байқау өтті. Іс-шараның мақсаты – қазақ тіліндегі визуалды ақпараттардың сапасы мен сауаттылығына назар аударту.

Облыстық байқау қатарынан үшінші жыл ұйымдастырылып келеді. Негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, жарнама мәтіндерін сауатты рәсімдеуді насихаттау және Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы заң нормаларының сақталуын бақылау. Байқауға бизнес өкілдері, жарнама агенттіктері мен баспа ұйымдарының қызметкерлері қатысты.

СНХР: ЕРКЕШ ЕРДЕНОВА – СҚО МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ


Байқауға 11 өтінім келіп түсті, оның ішінде қазылар алқасы 9 жұмысты іріктеп алды. Ұсынылған жұмыстар әртүрлі бағыттарды – қаптама дизайнынан бастап баннерлер мен маңдайшаларға дейін қамтыды.

СНХР: АНАСТАСИЯ ИЛЬЯСОВА – «ЗЕНЧЕНКО И К» КС САТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ


Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Ең үздік жұмыс республикалық кезеңге жолдама алды.