Солтүстік Қазақстан облысының 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы талқыланды. Жиын облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың қатысуымен өтті. Басты тақырыптар - бюджеттің орындалуы, инвестициялардың өсуі және кәсіпкерлікті қолдау. Толығырақ әріптесімнің бейннматериалында.
2025 жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму бойынша көптеген бағыттарда оң динамика байқалады. Дегенмен жедел әрекет етуді талап ететін мәселелер де бар. Осыған байланысты өңір басшысы тиісті тапсырмалар берді.
СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СҚО ӘКІМІ
Көшбасшы салалардың бірі - агроөнеркәсіп кешені. Өңір ет, сүт және жұмыртқа өндіруде тұрақты көрсеткіштерге ие. Ауыл шаруашылығына инвестиция салу белсенді жүргізілуде. Алайда, Петропавл қаласында өнеркәсіп саласы керісінше, тұрақты көрсеткіштертерге қол жеткізе алмаған. Кейбір аудан әкімдерінің жұмысы мен инвестициялық жоспарлардың орындалуына қатысты сұрақтар қойылды.
СНХ: ҚУАНЫШБЕК ҚАЛИЖАНОВ, СҚО ЭКОНОМИКА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
2025 жылдың бірінші тоқсанында СҚО жергілікті бюджетінің кірістері жоспардан 3 млрд 875 млн теңгеге артық орындалды. Алайда кірістер артығымен орындалғанымен, барлық қаражат толығымен игерілмеген. Облыс бюджеті 99,7% орындалған.
СНХ: НАТАЛЬЯ ДЫШКАНТ, СҚО ҚАРЖЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Отырыс соңында Ғауез Нұрмұхамбетов өңірдегі су тасқыны жағдайына тоқталды. Ал былтыр су басқан шағын аудандарды қалпына келтіру жұмыстары жалғасатынын атап өтті.
СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СҚО ӘКІМІ
Өңір басшысы барлық тапсырмалардың орындалу барысы туралы тұрақты есеп беруді тапсырды. Экономикалық тұрақсыздық тәуекелдерін ескере отырып, жыл соңына дейін нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеу қажет екенін ескертті.