Осы атаулы датаға орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды құттықтады.

Биыл алғаш рет аталып жатқан Ұлттық кітап күні құтты болсын! Бұл – білімпаздық, ізденімпаздық, кітапқұмарлық сияқты игі қасиеттерді дәріптейтін күн. Кітап оқыған ұрпақ озық ойлы болады. Сапалы ұлт осындай құндылықтар арқылы қалыптасады, – делінген құттықтауда.