Өңірде су тасқынының үшінші толқыны басталды. Есіл өзенінің деңгейі қайта көтеріліп, тасып жатыр. 

Бүгінде синоптиктер тәулік бойы бақылау жүргізуде. Ұсынылған тың ақпаратқа сүйенсек, «Қазгидромет» облыстық филиалының мәліметінше, 20 сәуірде Сергеевка су қоймасы бөгетінің жотасынан асып төгілуі 194 см-ге жетті. Бұл биылдыққа рекордтық көрсеткіш. Су әлі де келіп жатыр.

СНХР: НАТАЛИЯ ЛЕВИНА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК СҚОФ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ


Солтүстікқазақстандықтар үшін аса жауапты кезең басталды. Жақын арада Есіл өзені көтеріледі, Сергеев қоймасының ернеуінен асатын судың деңгейі қайтадан өзгереді. Қазіргі таңда өңірде төтенше жағдайлар қызметі, әкімдік пен басқа да ведомстволар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Халық қауіпсіз аймақтарға көшіріліп, тәулік бойы мониторинг жүргізілуде.

СНХР: ВЛАДИМИР ХУТИНАЕВ – СҚО ТЖД ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСТЫҒЫ


Құтқару қызметтері дайын. Арнайы техника, қайықтар мен құтқарушылар жұмылдырылған. Сондай-ақ, су тасқынына байланысты тұрғындарға SMS-хабарламалар жіберілуде.