"AMANAT" партиясы "Таза бейсенбісі" республикалық акциясын жалғастыруда. Басты мақсат-экологиялық мәдениетті қалыптастыру, елді мекендерді абаттандыру және қоршаған ортаның тазалығын сақтау.
Облыс орталығындағы Булавский көшесі қысқа болғанымен үлкен мағынаға ие. Себебі ол Кеңес Одағының Батырының есімімен аталады. Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған тазалық бейсенбілігіне аманаттықтар, Ауған соғысы ардагерлері мен Kozybaev University студенттері қатысты. Барлығы 30-дан астам адам. Олар шамалы уақыт ішінде қысқа көшені қалыпқа келтіріп, жиылған қоқыс шашылмас үшін оны бірден қаптарға салды. Бұл,- жәй ғана тазалық емес, қарт майдангерлерге деген құрмет,- дейді экологиялық акцияға қатысқандар.
СНХ: АЛЕКСАНДР ЗЕЛЬ - "AMANAT" ПАРТИЯСЫ "БОЛАШАҚ" ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ
СНХ: ШАМИЛЬ ШАКИРОВ –АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІ ОДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ