Өңірдегі өзендерде су деңгейі түсіп жатыр. Айталық Возвышенка елді мекенінің маңында Аққанбұрлық өзенінің деңгейі 30 см, Гусаковка аулының маңында Бабық бұрлық 45 см дейін төмендеді.

Есіл өзенінің су деңгейі Сергеевка қаласына дейін түсіп жатыр. Өткен тәулікте Крещенка ауылының жанында 16 см-ге, Тоқсан би ауылының маңында 24 см-ге төмендеген. Ал Шоптыкөл ауылының жанында 8 см-ге артса, Новоникольское маңында 41 см-ге көбейген. Қазір Сергеев су қоймасындағы бөгеттің жотасынан асып-төгілу 131 см.