Өңірде жылы күндер келісімен полицейлер қаруды қауіпсіз пайдалану ережелерін тағы да еске салу үшін аңшылармен бірқатар кездесулер өткізуді бастады. Бүгінде облыста 6846 қару иесі бар. Полицейлер мұндай кездесулерді облыстың әр ауданында өткізуді жоспарлап отыр.
Алғашқы кездесу Мамлют ауданында өтті. Аңшылық оқыс оқиғамен аяқталмауы үшін белгіленген ережелерді қатаң сақтау қажет: қаруды оқталмаған күйінде, арнайы қапқа салынған қалпында тасымалдау керек, қару иесі өзімен бірге рұқсат құжаттарын алып жүруі тиіс. Сондай-ақ полицейлер сақтау ережелерін қатаң ұстанудың маңыздылығын атап өтті. Қару сейфін дабыл белгісімен жабдықтау керек, онда бөгде заттар мен құнды бұйымдарды, қаражаттарды сақтауға тыйым салынады.
21 сәуірде заңсыз сақталған қаруды ақылы тапсыру акциясы басталады. Тіркелмеген қару туралы полицияға өз еркімен хабарлаған адам, қарудың санатына байланысты өтемақы алуы мүмкін.
Тіркелмеген қаруды тек өз еркімен тапсырғандар ғана жауапкершіліктен босталады. Бүгінде облыста 6846 қару иесі бар. Полицейлер мұндай кездесулерді облыстың әр ауданында өткізуді жоспарлап отыр.