Өңірдегі шағын өзендердің су деңгейі түсіп жатыр. Биыл олар елді мекендерге қауіп төндірген жоқ. Мәселен Возвышенка елді мекенінің маңында Аққанбұрлық өзенінің деңгейі бірден 96 см төмендеген. Гусаковка аулының маңында Бабық бұрлық шамамен жэарты метрге дейін түсті.
Есіл өзенінің су деңгейі Сергеевка қаласына дейін түсіп жатыр. Өткен тәулікте Шөптікөл ауылының жанында 76 см-ге, Тоқсан би ауылының маңында 65 см-ге төмендеген. Ал Покровка ауылының жанында 47 см-ге артса, Новоникольское маңында 14 см-ге көбейген. Қазір Сергеев су қоймасы 131 пайызға толған. Гидробекеттің жотасынан аысп-төгілу 170 см-ге жетті.