Полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов пен облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов қоғамда «Заң мен тәртіп» идеологиясын нығайту жөніндегі Концепцияны жүзеге асыруға арналған жұмыс жиынын өткізді.
Биылғы жыл Ішкі істер министрлігімен «Профилактика жылы» деп жарияланды. Бұл құқықтық сауаттылықты арттыруға және кез келген құқықбұзушылыққа төзбеушілікті қалыптастыруға баса назар аударылып отырғанын білдіреді.
СНХР: ЖҮСІП ЖҰМАҒҰЛОВ – ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Жиында жергілікті полиция қызметі, есірткі қылмысына және киберқылмысқа қарсы басқарма басшылары сөз сөйлеп, қазіргі атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндап, азаматтарды қорғауға бағытталған алдын алу шараларының басым бағыттарын атап өтті.
СНХР: ӘЛІБЕК ҒАБДУЛЛИН - СҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖПҚБ БАСТЫҒЫ
Департамент бастығы Айдын Қабдұлдинов нақты тапсырмалар берді. Атап айтқанда – мектеп пен колледж оқушылары үшін қауіпсіздік және құқықтық тәрбие сабақтарын ұйымдастыру, білім ошақтарының маңында жол қауіпсіздігін қатаң бақылау, балаларды топпен тасымалдау кезінде толықтай сүйемелдеу. Сондай-ақ, әлеуметтік желілер арқылы таралатын есірткіге қарсы күрес пен интернет-алаяқтыққа тосқауыл қою мәселесі де басты назарда. Жиынға нашақорлықтың алдын алу кеңесінің мүшелері, қоғам белсенділері, блогерлер мен заңгерлер қатысып, өз ұсыныстарын айтты. Полицейлер барлық ой-пікірлерді тыңдап, болашақта жұмыста ескеретінін атап өтті.
СНХР: Айдын Қабдұлдинов - СҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ
«Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту – әрбір азаматтың жауапкершілігінде. Полиция мен қоғамның бірлескен әрекеті ғана елімізді қауіпсіз әрі жайлы ете алады. Бұл – баршамыздың ортақ мақсатымыз.