2025 жылы Қазақстанда Ұлттық ауыл шаруашылығы бойынша санақ өтеді. Оның мақсаты — ауыл шаруашылығының құрылымы мен ресурстары туралы өзекті мәліметтер жинап, тиімді мемлекеттік шешімдер қабылдауға, фермерлерді қолдауға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және халықаралық міндеттемелерді орындауға жәрдемдесу.

Санақ 1 тамыздан 20 қазанға дейін өтеді және екі кезеңнен тұрады: онлайн сауалнама және тұрғын үйлерді аралау. Бұл аралықта барлық заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, фермерлік және жеке қосалқы шаруашылықтар sanaq.gov.kz сайты арқылы сауалнамадан өздері өте алады. Жалпы есепке шамамен 86 мың тұрғын үй шаруашылығы мен 6,4 мың ауыл шаруашылығы өндірушісі қатысады деп жоспарлануда. Санаққа қатысу міндетті болып табылады. Одан бас тартқан жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Сонымен қатар, санақ персоналын жинау жұмыстары жүргізілуде. Барлық ниет білдірген — студенттер, жұмыссыздар және белсенді азаматтар — оқудан өтіп, сауалнама алушылар мен нұсқаушылар ретінде жобаға қосыла алады.

СНХР: ЖОРАБЕК ДӘУРЕНОВ – СҚО ҰЛТТЫҚ СТАТИСТИКА БЮРОСЫ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ