Петропавлдағы көпсалалы қалалық медициналық жедел -жәрдем ауруханасына биыл 60 жыл толып отыр. Осы аралықта мекеме жұқпалы аурулар бөлімінен бастап, облыстағы жетекші медициналық орталықтардың біріне айналды. Мерейлі дата аясында аталмыш ауруханада ұзақ жылдар еңбек еткен ардагер дәрігерлер мен қазіргі медицина қызметкерлері бас қосып, өткенге шолу жасап, болашаққа жоспар құрды.

Қалалық көпсалалы медициналық жедел - жәрдем ауруханасы — заманауи клиникалық база, соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен жабдықталған әрі түрлі бағыттағы бөлімшелері бар ірі медициналық мекеме. Мұнда 500-ден астам қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде 90 дәрігер мен 243 мейірбике бар. Осы уақыт аралығында 1 миллионнан астам науқасқа медициналық көмек көрсетіліп, 800 мыңнан астам ота жасалған.

СНХ: ЖАННА МАУТОВА –ҚАЛАЛЫҚ КӨПСАЛАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖЕДЕЛ - ЖӘРДЕМ АУРУХАНАСЫНЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ


Мерейтой қарсаңында Креатив орталығында аурухананың 60 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Шара барысында ардагерлерді құрметтеу, басшылық тарапынан құттықтаулар, концерттік бағдарламалар, сондай-ақ аурухананың негізін қалаған жандар мен бүгінде сол жолды жалғастырып жүрген қызметкерлер жайлы бейнебаяндар ұсынылды.

СНХ: ЛАРИСА БОЛДЫРЕВА – МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ


Мерейтойда аурухананың абыройын асырып, оның қуатты болуына үлес қосып жүрген жандарға ерекше алғыс айтылды.