Есіл ауданында Жұмысшы мамандықтар жылына арналған облыстық фестиваль өтті. Өңіріміздегі 20 колледжден 300 ге жуық адамның басын тоғыстырған ауқымды шараға облыс әкімі Ғауез Нұрмұханбетов қатысты.

Мамандық таңдай алмай жүргендерге жақсы мүмкіндік. Бүгін Есіл ауданының орталығы Явленка ауылында жұмысшы мамандығына қатысты ауқымды фестиваль өтті. Оған өңірдегі 24 колледждің өкілдері қатысты. Әр оқу орнының қызметкері өздерінде оқытылатын кәсіп иелері туралы баяндап, жастарға мол мәлімет берді. Шара барысында шеберлік сабағы да ұйымдастырылды. Онда кез-келген адам мүмкіндігін сынып көрді.

Бірі білсе, бірі білмес, Ақжар ауданында Ленинград ауылшаруашылық колледжі бар. Білім ордасында кадрлар небәрі 3 мамандық бойынша даярланады. Олар: аспаз, есеп және аудит пен ауыл шаруашылығын механикаландырушы. Колледж шағын болғанымен мұнда сапалы білім беріледі, бәсекеге қабілетті маман тәрбиеленеді.

СНХ: ЖІБЕК СӘКІМОВА, Ленинград ауылшаруашылығы колледжінің директоры, Ақжар ауданы


Виктор Моложенко Солтүстік Қазақстан кәсіптік даярлау және сервис колледжінде оқиды. Болашақ маман келешек кәсібі ретінде омарташылықты таңдапты. Мақсаты - өз ісін ашып, берекелі бал өндірумен айналысқысы келеді.

СНХ: ВИКТОР МОЛОЖЕНКО, Солтүстік Қазақстан кәсіптік даярлау және сервис колледжінің студенті


Өңірде алғаш рет өтіп жатқан маңызды шараға аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты. Өңір жетекшісі колледж ұжымдарының ұсынған көрмесін тамашалады.

Фестиваль аясында әр колледждің ең үздік деген бір студенті мамандығы бойынша жұмысқа орналасу сертификатына ие болды. Яғни, олар оқуларын аяқтағаннан кейін бір мекемеге жұмысқа орналаса алады. Аққайың ауданындағы аграрлық колледжінің 3-ші курс студенті Владимир Андреев жақында болашақ механизаторлар арасында өткен облыстық чемпионатқа қатысып, бас жүлдеге ие болған екен. Нәтижесінде жеке кәсіпкерлікке жұмысқа шақырту алды.

СНХ: ВЛАДИМИР АНДРЕЕВ, Аққайың ауданы аграрлық колледжінің студенті


Облыстық білім басқармасы өкілдерінің сөзінше, келесі жылы колледждердің оқыту бағдарламасына жаңадан мамандықтар енгізіледі.

СНХ. АЙНАГҮЛ СҰРАҒАНОВА, СҚО білім басқармасының басшысы


Жалпы, қазір өңірдің еңбек нарығында 2 мыңнан астам жұмысшы мамандығы қажет.