Смағұл Садуақасов атындағы №2 орта мектепте мемлекет және қоғам қайраткерінің туғанына 125 жыл толуына орай тұлғаның ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Іс-шараға қоғамқайраткерлері, мектеп оқушылары мен облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов қатысты.

Смағұл Сәдуақасов көзі тірісінде тоталитарлық жүйе мен Голощекин саясатына қарсы шықты. Ол ғылымның, білім беру ісінің және мемлекеттік құрылымның дамуына зор үлес қосқан көрнекті тұлғалардың бірі. Бүгінде оның есімі облыс орталығындағы №2 орта мектепке беріліп, білім ордасында ойшыл және отаншыл тұлғаға қатысты ауқымды жиындар өткізіледі.

СНХР: АНТОНИНА САЧКОВА , С.СӘДУАҚАСОВ АТЫНДАҒЫ №2 ОРТА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ


Мұндай тағылымы мол іс-шаралар жас ұрпақтың ұлттық санасын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Смағұл Садуақасұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою арқылы оқушылар жерлесімізге құрмет көрсетіп қана қоймай, оның өмір жолы мен идеяларына терең қызығушылық танытады.

СНХР: ДОМИНИКА ШАМСУТДИНОВА, С.СӘДУАҚАСОВ АТЫНДАҒЫ №2 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫСЫ


Гүл шоқтарын қою рәсімінен кейін ұсздардар сынып сағаттарын өткізді. Онда мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы, сыншы, журналист Смағұл Сәдуақасұлының өмірі мен еңбегі және ерлігі жайлы баяндалды.