1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінде Петропавлдағы орталық алаңда барлығы 10-нан астам түрлі қызықты іс-шара өтеді. Мерекелік бағдарлама сағат 12:00-де «Қазақстан балалары» атты концертпен басталады. Әрі қарай спорт, шығармашылық, сәндік, интерактивті, робототехника салалары және театрландырылған қойылымдар бойынша жалғасатын болады.
Биыл 1-10 сынып оқушыларының 95 пайызын жазғы демалыспен және жұмыспен қамту жоспарланған. Жалпы, облыста барлығы 10 лагерь бар, оның 9-ы өңір аумағында орналасқан. Балаларға арналған демалыс орындарын жөндеуге 393 млн теңге бөлінген. Ал, жергілікті бюджеттен 5 лагерьге жөндеу жұмыстарын жүргізуге 368 млн теңге қаржы қарастырылыған.
СНХ: АЙНАГҮЛ СҰРАҒАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ