Бүгін облыс орталығында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, саяси қуғын-сүргін құрбаны Смағұл Сәдуақасовтың 125 жылдығына орай республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Жиынға облысы әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, зиялы қауым өкілдері, тарихшылар мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Конференцияның басында Смағұл Сәдуақасовтың өмірі мен қызметіне арналған фото және кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде оның қоғамдық-саяси қызметі, жазбалары мен еңбектері таныстырылды.

Көрмеден кейін жиын жалғасып, қатысушылар конференция залына оралды. Мұнда зиялы қауым өкілдері мен ғалымдар Смағұл Сәдуақасовтың қоғамдық-саяси қызметі туралы баяндамалар оқып, оның ел тарихындағы орнына терең талдау жасады. Өңір басшысы өз сөзінде Смағұл Сәдуақасовтың ел тарихындағы орны мен оның ұлт болашағы үшін атқарған еңбегін ерекше атап өтті. Сондай-ақ жиын барысында облыс әкімі айтулы датаға орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Смағұл Сәдуақасовтың 125 жылдығына арнап жолдаған құттықтау хатын оқып берді. Президент өз құттықтауында көрнекті қайраткердің ел тарихындағы орны мен ұлт мүддесі үшін сіңірген еңбегін жоғары бағалап, оның мұрасы бүгінгі және болашақ ұрпақ үшін үлгі екенін атап өтті.

СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ – СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ


Сондай-ақ, конференцияда Ұлттық ғылым академиясының академигі, «Қазақ газеттері» ЖШС-нің бас директоры Дихан Қамзабекұлы Смағұл Сәдуақасұлының мұрасы мен мұратын танудың өзектілігіне тоқталды. Ол Смағұл Сәдуақасұлының елдегі идеологиялық блокты қалыптастыруда, жастардың көшбасшысы ретінде және бірнеше басылымның басшылығында атқарған рөлін атап өтті.

СНХР: ДИХАН ҚАМЗАБЕКҰЛЫ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ АКАДЕМИГІ


Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Баянғали Әлімжан конференция барысында сөз сөйлеп, Смағұл Сәдуақасов туралы жазған «Смағұл ішкен у» атты поэмасы мен осы поэма негізінде жазылған пьесаның дүниеге келу тарихын баяндады. Ол аталған туындының мерейтой аясында «Смағұл шыңы» деген атаумен сахналанып, елге тарту ретінде ұсынылатынын жеткізді.

СНХР: БАЯНҒАЛИ ӘЛІМЖАН, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, АҚЫН


Іс-шара соңында қатысушылар Смағұл Сәдуақасовтың мұрасын болашақ ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын атап өтті.