Елімізде былтырдан бастап Президент Қасым – Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Наурыз мерекесін тойлау жаңаша сипатқа ие болып, «Наурызнама» онкүндігі енгізілді. Оның әр күні жекелей тақырыптарға арналды. Бұл жаңашылдық жеке қарым-қатынастардан бастап қоғамдық құндылықтарға дейінгі барлық саланы қамтиды. Облыста «Наурызнама» онкүндігі аясында мерекелік концерттер мен ұлттық дәстүрді дәріптейтін 700-ден астам түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.
Наурызнаманың алғашқы күні – Көрісу күні. Оны амал мерекесі деп те атайды. Ежелден бері бұл күні туған-туыс, жақындармен жүздесу дәстүрге айналған. Және адамдар бір-біріне деген өкпе-реніштер болса кешірім сұрап, татуласып жатады. Көрісу күніне орай Петропавлда ҚХА- да мерекелік іс-шара өтті.
СНХ: ЖАНГЕЛДІ ТӘЖИН, СҚО ҚХА АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Ал, Шаңырақ күні аясында облыс әкімі Бектұрған мен Жанболсын Рамазановтар отбасына барып, сыйлық тарту етті. Айта кетейік,Олар жарты ғасырдан аса уақыт бірге өмір сүріп, өзара сүйіспеншілік пен құрметті үлгі етіп келеді. Бүгінде 7 бала, 16 немере мен 7 шөберенің қызығын көріп отыр.Сондай-ақ, Петропавлда 17 наурыз Мәдениет және ұлттық дәстүрлер күні мерекесі аталып өтілді. "№17 ұлттық өркендеу мектеп-кешенінде ауқымды іс-шара ұйымдастырылды.
СНХР: ЛӘЗЗАТ ЖОЛМҰҚАНОВА -№17 ҰЛТТЫҚ ӨРКЕНДЕУ МЕКТЕП-КЕШЕНІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Наурызнама бойынша 18 наурыз – Ұлттық киім күні болып бекітілді. Мерекеге орай Петропавлда ҚР қолөнершілер одағының мүшесі, ЮНЕСКО сапа белгісінің иегері, этнодизайнер Тілек Сұлтанның «Киелі кимешек» атты көрмесі қанат жайды.
СНХ: ТҰРАР ШӘКЕН, «ҚАРА ШАҢЫРАҚ» РҚБ ДИРЕКТОРЫ
Жаңару күнінде табиғат қайта түлеп, тіршілік оянады. Шуақты күнде өңірдегі білім ордаларында қызықты мерекелік бағдарламалар өтті. Сондай-ақ, ұлттық спорт күнінде Петропавлдағы «Береке» шағын ауданындағы дене шынықтыру –сауықтыру кешенінде бес асық, асық ату және тоғызқұмалақ ойындарынан жарыс өтті. Қазақ күресі бойынша сайыс Қызылжар ауданы Бескөл ауылында ұйымдастырылды. Оған 50-ге жуық жас палуан қатысты.
СНХ: БЕЙБІТ СӘДУАҚАСОВ, ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН БАПКЕР
Ынтымақ және Жыл басы күнінде Қызылжардың аспаны ән мен күйге бөленді. Ұлыстың ұлы күні сән-салтанатымен аталып өтілді. Мерекеде әлемдік додаларда топ жарып, ел намысын абыроймен қорғаған өңір спортшылары марапатталды. Сонымен қатар, бұл күні бас алаңда Қазақстан эстрадасының жарық жұлдызы Мирас Жүгінісов өнер көрсетіп, өзінің бірнеше танымал әндерін орындады. Және Гиннестің рекордтар кітабына енген алып күш иесі Сергей Цырульников солтүстікқазақстандықтар мен қала қонақтарына бірегей трюктер мен таңғажайып шеберлік көрсетті.
СНХ: СЕРГЕЙ ЦЫРУЛЬНИКОВ, ӘЛЕМНІҢ БІРНЕШЕ ДҮРКІН РЕКОРДШЫСЫ
Облыс орталығында «Наурызнаманың» ең соңғы күні – Тазару күні аясында «таза қала» акциясы өтті. Жастар ресурстық орталығының мүшелері жалғызілікті зейнеткерлердің үйіне барып көмектесті.
СНХ: ГАЛИНА МАЛЫГИНА, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ
Онкүнге созылған «Наурызнама» аясында облыста 700-ден астам маңызды іс-шаралар ұйымдастырылды.