Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында еліміздің жан-жақты дамуына қатысты ұсыныстар ортаға салынды. Президент бүгінде қоғамда қызу талқыланып жатқан салық реформасы, деструктивті діни ағымдармен күрес, ономастика саласын ретке келтіру мәселелеріне тоқталып, қалалар мен көшелердің атауынан халқымыздың төл тарихы көрініс табуы керектігін айтты. Сонымен қатар алқалы жиында Мемлекет басшысы бала оқыту ісінде бұған дейін білімге көбірек назар аударылса, тәрбиеге тиісті деңгейде көңіл бөлінбей келгенін алға тартты. Сондықтан біліммен қатар тәрбиеге де баса мән беру керектігін қадап айтты.
СНХР: ЖАНАТ МҰХАМЕДЖАНОВ- «СЕНІМЕН БОЛАШАҚ» РҚБ СҚОФ ЖЕТЕКШІСІ