Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінде қазақтың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеневтің туғанына 110 жыл. Бүгін осыған орай "Тарихи тұлға тағылымы" атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.

Жұмабек Тәшенев 1915 жылы 20 наурызда Ақмола облысы Вишнев ауданы Бабатай ауылында дүниеге келген. Ол білім мен ғылымның дамуына, жастар арасында білім мен мәдени құндылықтардың таралуына белсенді үлес қосты. Оның идеялары мен бастамалары елдегі заманауи білім беру процесін қалыптастыруда маңызды рөл атқарды.

СНХ: СӘУЛЕ МӘЛІКОВА, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ ДИРЕКТОРЫ


Халықаралық жиында Жұмабек Тәшеневтің елдегі білім мен ғылымның дамуында сіңірген еңбегіне шолу жасады.

Сондай-ақ, қатысушылардың назарына сирек кездесетін құжаттар, фотосуреттер мен музей материалдары қойылған көрме қанат жайды.