Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжінде түлектердің медициналық ұйым өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесу барысында студенттерді одан әрі жұмысқа орналастыру және дипломалды тәжірибеден өту шарттарымен таныстырды.
Іс-шараға 13 ауданнан делегаттар келіп, студенттерге өздерінің медициналық мекемелеріндегі жұмыс жағдайлары туралы айтып берді. Биыл Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжін 325 студент бітіреді.
СНХ: АЙЗАР МҰҚАШЕВ – СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ