1 наурыз - Алғыс айту күні. Мерекеге орай волонтерлердің «Біргеміз» фронт-кеңсесінің бастамасымен республикалық игі істер марафоны аясында Петропавлда «Жылы жүрек» акциясы өтті. Еріктілер коммуналдық қызмет жұмысшыларына ыстық шәй мен бауырсақ ұсынып, алғыс білдірді.

ӘСЕМ КЕНЖЕБОЛАТОВА:

- Қар мен аязға қарамастан мыңдаған коммуналдық қызметкерлер қаланы түнде жауған қармен көктайғақтан тазарту үшін, таңертеңнен бастап жұмысқа кіріседі. Олардың қажырлы еңбегін қолдау үшін, бүгін «Жылы жүрек» акциясын өткізді.

ҚАЙРАТ ҚАЙЫПОВ – КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ:

- Қаланы тазалап жатырмыз. Ризамыз, рахмет. Шай, бауырсақ. Барлығы жақсы болсын. Рахмет барлықтарыңызға.

Өңірдегі коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Бүгін қаланы қардан тазартып жатқан жұмысшылар ыстық шаймен бой жылытты. Акция аясында еріктілер 20 келі бауырсақ пен 5 келі кәмпитті үлестірді.

АНАСТАСИЯ ВОЛКОВА, «BIRGEMIZ» ВОЛОНТЕРЛІК ФРОНТ-КЕҢСЕ ЖЕТЕКШІСІ:

- «Алғыс айту» күніне орай қайырымдылық іс-шараСЫН ұйымдастырып жатырмыз. Коммуналдық қызметкерлер қар күреп, қаланы тазалықта ұстайды. Бұл өте қиын жұмыс, әсіресе қыс мезгілінде оңай емес. Сондықтан бүгін осы акция арқылы оларға алғысымызды білдіріп жатырмыз.

Айта кетейік, мұндай іс-шаралар Петропалда тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Олардың мақсаты – ауызбіршілікті нығайтып, халықты бір-біріне қолдау көрсетуге баулып, игі істердің маңыздылығын еске түсіру.