Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Азия пара ойындарына қатысқан спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын жетістіктерімен құттықтады. Өңір басшысы өз құттықтауын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

«Солтүстікқазақстандық спортшылар жанкүйерлерді қысқы спорт түрлеріндегі жетістіктерімен қуантып жатыр. Параатлет Ербол Хамитов Словенияда өткен парабиатлоннан әлем чемпионы атанды, сондай-ақ ерлер арасындағы спринтте үшінші орын иеленді. Оған қоса, Ербол Әлем кубогының қола жүлдегері және парашаңғы жарысынан әлем чемпионы. Бұл жеңістер – оның тынымсыз еңбегі мен жоғары кәсібилігінің жемісі. Ербол - батылдық мен жігердің үлгісі. Қысқы Азия ойындарында конькимен жүгіру шебері Надежда Морозова жақсы нәтиже көрсетті. Ол командалық спринтте қола жүлдеге ие болды. Надежда – атақты спортшы, төрт құрлық чемпионы, қысқы Олимпиада ойындарының қатысушысы.Жеңімпаз спортшыларымыз бен олардың бапкерлерін лайықты жетістіктерімен құттықтаймын! Оларға әлемдік аренада жаңа белестер мен жарқын жеңістер тілеймін»- деп жазды Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында.