Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қаңтарда өткен кеңейтілген отырыста Үкіметке әлемдегі күрделі экономикалық жағдай жағдайында қаражатты толық үнемдеуге көшуді тапсырды. Сондай-ақ қосымша құн салығының мөлшерін қайта қарау қажеттігі жөнінде айтты. Ол 12% - дан 20% - ға дейін көтерілуі мүмкін.

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында қосымша құн салығы бойынша тіркеу шегін 15 миллион теңгеге дейін төмендетуді ұсынды. Қазір 78 миллион теңгені құрайды. Осы арқылы 300 мыңға жуық жаңа салық төлеуші пайда болады. Қазіргі уақытта бұл мәселе әлі де талқылану үстінде. Билік өкілдері барлық тараптың пікірін ескере отырып, түпкілікті шешім қабылдайтынын мәлімдеді.

ЕЛЕНА СЕМИДОЦКИХ, КӘСІПКЕР:

- Қосымша құн салығының мөлшері өзгерсе бизнесмендерге қиындық туғызуы мүмкін. Өйткені көбісі бөлшек салық режимі бойынша, біреу жеңілдетілген декларация бойынша жұмыс істейді. Тауардың құнына да әсер етеді. Меніңше шағын кәсіпорынға бағаның өсуімен және салық жүктемесінің өсуімен күресу мүмкін болмайды. Кейін штатқа көбірек адамдарды қабылдау қажет болады. Жалақыны көтеру де қосымша жүктеме болып табылады.