Петропавлдағы Ж.Қизатов көшесіндегі ағаш материалдарын сататын кәсіпорын аумағында өрт шықты. Мамандар келген кезде гараж отқа оранып үлгенген екен.
Гаражда сатуға дайын тұрған материалдары бар екі жүк көлігі тұрған. Ол толық жанып кетті. Тез жанғыш материалдары бар нысан болғандықтан өрт қауіпінің екінші деңгейі жарияланды. Оқиға орнында 9 техника және жеке құрамнан 20 адам жұмыс істеді. Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт оқшауланып, толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрт алдын ала 252 шаршы метр алаңды шарпыған.