Петропавлда тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жұмыс биыл да жалғасады. Былтыр облыс орталығында 37 көшенің 28 шақыры жөнделді. Бұл жолдарға алғаш рет асфальт төселді.
Биыл 45 көшені жөнге келтіру жоспарда бар, оның ішінде 42-сі алғаш рет асфальтталады, соның ішінде Бірлік шағын ауданы да бар. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 5 миллиард теңге бөлінген. Қалада 596 аула бар, олардың 254-і қанағаттанарлықсыз жағдайда. Өткен жылы абаттандыру жұмысымен шамамен 30 аула қамтылды. Биыл осы мақсатқа 1,5 миллиард теңге бөлініп, 50-ден астам ауланы жөндеу жоспарланып отыр. Шыны аялдамалар мәселесі ішінара шешілді: былтыр 20 аялдама жылы аялдамаларға ауыстырылды. Бұдан бөлек, қаланың автобус паркі 80%-ға жаңартылды, бұл 33 жаңа автобустың сатып алынуы арқасында мүмкін болды. Қаланың басты жаяу жүргіншілер көшесі — Қазақстан Конституциясы көшесінде де ауқымды жұмыс жүргізілмек. Жоба аясында жолды кеңейту, жарықтандыру жүйесін жаңарту, тас төсеніштерді ауыстыру және сәулеттік элементтер қосу жоспарланған.