Облыстық халық шығармашылығы орталығының негізі 1956 жылы қаланған. Бұл орталық өңірдегі мәдениет пен өнердің ордасы ретінде танылған. Негізгі мақсаты- ұмытылып бара жатқан ұлттық кұндылықтарға жаңадан дем беру, жастар арасында насихаттау. Ол үшін облыста 266 мәдени мекеме жұмыс істейді.

Өңірде 2800-ден астам қатысушысы бар 97 көркем өнер ұжымы «Халықтық» және «Үлгілі» атағына ие. Жыл сайын қалалық және 13 аудандық мәдениет үйлері бір жыл ішінде атқарылған жұмыс бойынша есеп береді. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда 30 Мәдениет үйі жұмыс істейді. Былтыр өнерпаздар облыстық байқауда бірінші орынға ие болып, 2 млн теңге жеңіп алған. Жалпы «Халықтық» атағына мұнда 10 ансамбль ие.

Ұлтымыздың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүріне жан бітіріп оның құнды қалпын сақтау үшін облыста 266 мәдени мекеме жұмыс істейді.. Оның 182-сі мемлекеттік меншікке тиесілі болса, 72-сі жекеменшік.

Жиында мәдениет ордаларының өткен жылғы жұмысы қорытындыланды.Сондай-ақ осы жылға мәдениет саласын дамытуға бағытталған жоспар талқыланды.