Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінде соңғы жылдары ауқымды және жүйелі жұмыс атқарылып келеді. Жақында сала қызметкерлері Астана қаласындағы Ұлттық архивте өткен республикалық семинарға қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Ғасырлық тарихы бар мекеме ел бойынша үздіктердің қатарында.
Астанадағы республикалық конференция «Архив-2025» бағдарламасы аясында өткен.
СӘУЛЕ МӘЛІКОВА, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
- СҚО архивінде үлкен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жақын арада ғана біз Астана қаласында ұлтық архивтің ғимаратында республикалық семинарға қатысып, «Архив – 2020-2025» бағдарламасының жұмысының барысы жөнінде республикалық конференцияға қатысып қайттық. Нәтижесінде біздің солтүстік өңірдің ғасырлық тарихы бар бізідің архивтің жұмысына тек қана оң деген баға берілді.
Сәуле Мәлікованың айтуынша, жақында архив қызметкерлері 2000 жылдан бері жабық болып келген Өзбекстан архивіне алғашқылардың бірі болып іссапармен барды. Бұл - халықаралық ынтымақтастықтың жарқын үлгісіне айналды. Өзбекстандағы зерттеу жұмыстарына АҚШ, Германия және Тәжікстан елдерінің ғалымдары да қатысты. Архив қызметкерлерінің басты мақсаты – 20 ғасырдың басында ұлт зиялыларының Ташкенттегі қызметін дәлелдейтін құнды деректерді табу еді. Нәтижесінде, олар тарихи маңызы зор жәдігер - Мағжан Жұмабаевтың Ташкенттегі қызметіне тиесілі түпнұсқа қолжазбасын тапты.
СӘУЛЕ МӘЛІКОВА, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
- Мағжанның түпнұсқа қолжазбасы табылды. Ол қолжазбасында осы елден кетуге мәжбүр болып, Ташкентке барып жұмыс жасаған уақытында алғашқы қазақ ағарту институтында қызмет атқарғанын жазған. Одан кейін мемлекеттік ғылыми кеңестің мүшесі болып, қазақ комиссиясының қатарында қызмет еткен. Сол комиссияның қандай бағыттарда жұмыс жасау керектігін жазған құжатын алып келіп отырмыз.
Архив саласындағы халықаралық байланыстарды нығайту жұмыстары мұнымен шектелмейді. Биыл облыстық архивке Ресей делегациясының өкілдері келіп, екіжақты ынтымақтастық туралы келісімдер жасалды. Мәскеу архивінде сақталған Сәбит Мұқановтың бұрын-соңды жарияланбаған қолжазбаларын алу үшін ұсыныс жасалып, келісім оң нәтижесін берді. Енді бұл құжаттар өңірге жеткізілмек.
СНХР: СӘУЛЕ МӘЛІКОВА, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
- Сәбитке байланысты биыл Ресей делегациясының басшылары келген болатын. Солармен келісе отырып, Мәскеуде сақталған, ешқайда жарияланбаған Сәбиттің қолжазбаларын сұрадық. Бұл мәселе оң шешімін табуы тиіс. Қазір сол құжаттарды күтіп отырмыз.
Сонымен қатар, облыстық архив өңірдің және еліміздің маңызды оқиғаларын қамтитын 2025 жылға арналған ерекше күнтізбені әзірледі.