Петропавлда облыстың ветеринар мамандары үшін Біріккен Ұлттар Ұйымы азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының сарапшылары семинан-тренинг өткізіп жатыр. Бұл жолы жануарлардан биологиялық материалдың сынамаларын қалай дұрыс алу керектігін айтып берді.
Бұл оқыту облыстың ветеринариялық жүйесін және эпизоотиялық әл-ауқатын нығайтудағы маңызды қадам. Сібір жарасы, бруцеллез, құс тұмауы және пастереллез сияқты аса қауіпті зооноздық аурулардың таралу қаупі жоғары болып отырғандықтан, қазіргі жағдайда ветеринария мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру ерекше маңызды, - дейді мамандар.
ЛЕЙЛА АҢСАБАЕВА, БҰҰ АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҰЙЫМДАРЫ ЖОБАСЫНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ:
-Біздің бастама өңірдегі эпизоотиялық қадағалауды күшейтуде маңызды рөл атқарады. Ветеринарлардың атқарар қызметі көп. Теориялық, заңнамалық базаға да тоқталамыз. Сынама алуды көрсетіп, тәжірибелік дағдыларды да талқылайтын боламыз.
Мұндай семинарды сарапшылар бүкіл ел бойынша өткізіп келе жатыр. Іс-шара зертханалық сараптама үшін үлгілерді жинау, орау, тасымалдау және өңдеу тәжірибесін жетілдіруге бағытталған.
ЖАНАТ ӘМІРЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
- Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша тренингтер мен семинарлар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Біздің ӨҢІРГЕ ауыл шаруашылығы институтының базасында мал өсірушілердің біліктілік мектебі ашылды. Мұнда біз ауылшаруашылық кәсіпорындарының тәжірибелі ветеринар мамандарын да, мемлекеттік органдардың мамандарын да үнемі шақырамыз.
Сарапшылар теориядан басқа тірі және сойылған жануарлар мен құстардан биологиялық материал үлгілерін қалай дұрыс алу керектігін іс жүзінде көрсетті. Келесі кезекте мамандар Қостанай және Ақтөбе облыстарында семинар ұйымдастыруды жоспарлап отыр.