Облыстың Іскер әйелдер қауымдастығы үшінші жыл қатарынан балаларға жаңажылдық ертеңгілік ұйымдастырып келеді. Бұл жолы мерекеге Қызылжар ауданынан 100 бала қатысты.

Мерекелік бағдарлама 2 сағатқа шақталды. Осы аралықта ауданның түкпір-түкпірінен келген балақайлар аниматорлармен түрлі ойындар ойнап, шыршаны айнала ән шырқады. Аяз Ата мен Ақшақарға үйден дайындап келген тақпақтарын айтып, сыйлық алды.

- Мерекеге мен көбелек костюмін киіп келдім. Өзіме қатты ұнайды.

- Ал мені мерекеге анам әкелді. Бүгін Ақшақар болып киіндім. Көйлекті анам мен әжем тігіп берді.

Ертеңгілік балаларды қолдау, жаңа жылдық көңіл-күй сыйлау үшін ұйымдастырылған. Іскер әйелдер осылайша басқаларға үлгі көрсетіп, ұйымдарды осындай ертеңгіліктерді өткізуге шақырады.

ЗАРИНА ТАЕВА - СҚО БОЙЫНША ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жаңа жыл балалардың сүйікті мерекелерінің бірі, олар ғажайып, сыйлық күтеді. Сондықтан осындай мереке ұйымдастыруды жөн көрдік. Кеш соңында демеушілер дайындаған сыйлықтар мен тәттілерді балаларға таратамыз.

Жаңа жылда балалардың армандары орындалады. Мереке балдырғандардың көңілінен шықты.