Облыстық қуыршақ театрында Президенттік шыршаға қатысатын балаларға арналған жаңажылдық қойылым өтті. Қайырымдылық кешке 200 бала қатысты.

Мерекелік қойылым «Жаңа жылдық Бац» немесе Аяз ата сөмкесі деп аталады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараның басты мақсаты – балаларға жаңа жылдық көңіл-күй сыйлау.

 АЛЕКСЕЙ ВАСИЛЬЕВ - СПЕКТАКЛЬДІҢ ҚОЮШЫ РЕЖИССЁРІ:

- Бұл театрдағы алғашқы қойылымым емес. Әр спектакль бала көңілінен шығатындай етіп дайындаламыз. Сюжет желісіне аздап өзгеріс енгіздім. Арасында қойылымға балаларды қатыстырып отырамыз. Спектакльден кейін балалар түрлі ойындарға қатысты.

Президенттік шыршаға оқу озаттары, көп балалы отбасылардың балалары, жетім жәна ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, түрлі республикалық жарыстардың жеңімпаздары қатыспақ. Оқушылар өңірдің түкпір-түкпірінен келген. Бағдарлама екі күнге шақталды. Негізгі іс-шара - президенттік шырша ертең өтпек.

КАМИЛА МУРТАЛИМОВА – АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ:

-Бүгінгі кеш жақсы болды. Маған өте ұнады. Қызықты болған. Барлығына жаңа жыл құтты болсын.

Балаларға арналған мерекелік бағдарлама барысында ешкім назардан тыс қалған жоқ. Қойылымнан кейін әртістер оқушылармен түрлі ойындар ойнап, сыйлықтар таратты.