Петропавлда басты алаңда жаңа жылдық шыршаның шамын жағу салтанаты өтті. Іс-шара Аяз Ата-Ақшақардың шеруімен басталып, кештің шырайын кіргізген мерекелік концертпен жалғасты.

Облыс орталығы жаңа жыл мерекесі қарсаңында айтарлықтай өзгерді. Мұздан жасалған мүсіндер, шағын сәулет нысандары қойылып, түрлі түсті шамдар қалаға ерекше көрік берді. Ал, Конституция көшесінде биіктігі 30 метрге жуық шырша қойылып, оның шамы сән-салтанатпен жағылды. Кешке жиналған қала тұрғындары мен қонақтарға концерттік бағдарлама ұсынылды.

Мерекелік думанға жиналған адамдардың қарасы қалың. Тұрғындар өткелі тұрған жылға ризашылығын білдірді. Ал, келе жатқан жаңа жылдан көп үміт күтетінін айтып, жүрек жарды ізгі тілектерін жаудырды.

Жалпы, биыл Петропавлдың 8 ауданында мұз қалашығы пайда болады. Бұл тізімге «Бірлік» ықшам ауданы да кірді. Ал, безендіру жұмыстарына 13,5 млн теңге бөлінген.