Петропавлда Ерекше қажеттілігі бар балаларға арнаЛҒАН қайырымдылық шыршасы ӨТТІ. Мерекелік іс-шараға Аяз Ата және оның немересі Ақшақар келіп, балақайларға жаңажылдық көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ, аниматорлар да қатысып, түрлі қызықты ойындар ойнатты.

 Ұйымдастырушы - «Адон – Север» қоғамдық бірлестігі. 2007 жылы мүмкіндігі шектеулі балаларды шығармашылыққа, спортқа баулу мақсатында құрылған. Қызметкерлердің айтуынша, мұндай іс-шаралардың арқасында балалар қоғамға бейімделеді.

ЕЛЕНА КОЛМОГОРОВА, «АДОН-СЕВЕР» ҚБ ТӨРАҒАСЫ:

- Біз бүгін демеушілерімздің арқасында осындай керемет кеш ұйымдастырып жатырмыз. Балалар үшін дастархан жайылды. Сыйлықтарға ие болады. Жалпы, бүгінде «Адон Север» ҚБ барлығы 80-нен астам адам бар.

Кештің өтуіне кәсіпкер, меценат Ерғали Жұмағұлов демеушілік жасады. Айта кетейік, бұл азамат 10 жылдан астам уақыт бойы орталыққа көмектесіп келеді.

СӘУЛЕ АХМЕТЖАНОВА, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:

- Менің «Адон Север»ұжымына алғысым шексіз. Менің балам 2-топтағы мүгедек. Мұғалімдерінің барлығы өз істерінің мамандары. Оларға күш, сабыр тілеймін. Балаларымыз аман болсын!

Балаларға арналған мұндай қайырымдылық іс-шаралары әр мерекеге дәстүрлі түрде ұйымдастырылады.