Облыстық әкімдікте биылғы 11 айдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы шығарылды. Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов экономиканың 18,9% - ға өскенін атап өтті.
Биыл өңірде жалпы құрылыс 26%-ға, тұрғын үй құрылысы – 5%-ға, ауыл шаруашылығы – 38%-ға, инвестиция – 5%-ға, бөлшек сауда – 0,4%-ға өсіп, өнеркәсіп өндірісі – 0,8%-ға төмендеді. Көрсеткіштердің барлығында дерлік өсім байқалғанымен, облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өнеркәсіп саласындағы жылдық жоспарды әлі орындамаған аудандарды назардан тыс қалдырмады. Бұл – Есіл – 13,3 %, Жамбыл – 17,1%, Айыртау – 18,6%, Тайынша – 10 %. Жалпы облыс бойынша жоспар 12,4 пайызға орындалмаған.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
-Қорытынды кестеде Петропавл қаласы мен аудан бойынша ай сайынғы көрсеткіштерді көріп отырмыз. Бүгінгі таңда облысты артқа тартқан 5 аутсайдер бар және үш сала бойынша ең төменгі көрсеткіш Уәлиханов ауданынында.
Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов мамандарға жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
-Петропавл қаласы әкімі есеп беріп, атқарған жұмыстарын көріп жатырмыз. Әрине, кемшіліктер де бар. Жалпы енді жұмыс нәтижесін жыл қорытындысы арқылы саралайтын боламыз.
Осы жылы 603,3 млрд теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді. Тауарлар мен қызметтерді өткізу көлемі 6,9%-ға өсіп, 881,9 млрд теңгеГЕ ЖЕТТІ. Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 925 млрд теңге. Яғни, 37,8%-ға өсім байқалады.
ҚУАНЫШБЕК ҚАЛИЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
-Өңдеу өнеркәсібіНДЕ ОҢ ӨСІМ БАР. Қазір 0,7 пайыз деңгейінде, десе де облыс бойынша 15,4 пайыздық көрсеткішке қол жеткізілген жоқ. Сонымен қатар, аудандар да көрсеткіштер төмен.
Тауарлар мен қызметтерді өткізуге келетін болсақ, оның көлемі 6,9% өсіммен 881,9 млрд теңгені құрады. Бөлшек саудада 364,2 млрд теңгеге тауар сатылды.