Отбасындағы зорлық-зомбылық, суицид, несие, ажырасулар, жұмыссыздық, қылмыс сияқты әлеуметтік мәселелердің түп-тамыры лудоманиямен байланысты. Бұл тәуелділік адамның өміріне теріс әсер етіп, қаржылық, психологиялық және әлеуметтік проблемалар туғызады.
Мамандапрдың айтуынша, көбінесе құмар ойынға тәуелділік автоматтардан басталады. Адам уақытында тоқтай алмайды: құмарлық тереңдеп, оны жеңу мүмкін болмай қалады. Бүгінде елімізде осы дертке “шалдыққандардың” саны жыл өткен сайын артып келеді. Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, елімізде лудомандардың саны отыз алты мыңнан асады. Әсіресе, қаладағы ойын клубтары мен букмекерлік кеңселерде спорттық ойындарға бәс тігіп, автоматтарға ақша салып, уақытының көбін ойынға арнайтын жастардың саны күннен-күнге өскен. Бұл құбылыс тек жеке адамдардың ғана емес, тұтас қоғамның болашағына да қауіп төндіріп отыр.
ГҮЛДАНА ҚАЛИЕВА, ПСИХОЛОГ:
- Жалпы лудомания басында кейбір адамдарда, кейбір жастарда қызығушылық ретінде басталуы мүмкін. Кейбіруінде ақшалай қаржылық жағынан қиыншылықтардан пайда болуы мүмкін. Ал кейбір адамдарда еріккенің ермегі болып пайда болуы мүмкін. + скл Бірақ та адамның табандылық деген қасиеті болады, өзінің межесіне жетем деген қаисеті болады, «жоқ мен бәрібір жеңемін, өзімдікіне жетемін, мен қанша ұтылған ақшамды қайтарып аламын» деп қандай да бір сәттілікке сеніп отырады да адамдар бұл ставкалар жасайды немесе ойындарды ойнай береді. Әрине бұл адамның өзін өзі алдауы.
Сонымен қатар, психолог маманның айтуынша, адам қаншалықты интеллектуал және математикалық ойлау қабілетіне ие болса да, құмар ойындар мен тәуелділіктен қорғану қиын. Ойынның тартымдылығы мен адреналиннің әсері адамға логикалық ойлауға мүмкіндік бермейді. Құмарлықты жеңу адамның психологиялық жағдайына, ішкі күш-жігеріне және қолдауға деген қажеттілігіне де тікелей байланысты. Сондықтан бұл мәселеге кешенді түрде қарап, психологиялық көмек пен қолдауды ұсыну маңызды.