Солтүстікқазақстандықтар Ақтау қаласының маңында болған қайғылы оқиғаға ортақ. Ұшақ апатынан көптеген адамдар қаза тапты. Қазір олардың арасында аман қалғандар да бар. Оларға шұғыл түрде қан қажет. Таңертеңнен бастап өңір тұрғындары қан орталығына келіп қан тапсырып жатыр.

Алғашқылардың бірі болып еріктілер көмектесіп жатыр.Әзірге олардың саны 5-еу, бірақ әр минут сайын қан тапсыруға келушілердің саны артып келеді.

ДАРИҒА СМАИЛОВА, «АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» РҚБ СҚОФ ЖЕТЕКШІСІ:

-Қанға, донорлық көмекке мұқтаж жандарға көмектескіміз келеді. Бүгін 5 адам болып келдік, сонымен қатар күні Жастар ассамблеясының белсенділері келіп қан тапсырады.

Облыстық қан орталығы басшылығының айтуынша, мекеме қажетті қан компоненттерімен қамтамасыз етілген. Дегенмен, еріктілер әрқашан қажет. Күніне мұнда 30-ға жуық адам өз еркімен қан тапсыруға келеді.

ВАЛЕНТИН ДИГТЯР, ОБЛЫСТЫҚ ҚАН ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Донорлар әрқашан, кез келген күні, кез келген уақытта қажет. Қанды күн сайын толтырып отыру керек. Тәулігіне 30 адам келеді. 100 адамды қабылдауға да қауқарымыз бар.

Ең алдымен донорлар сауалнаманы толтырып, жалпы талдаудан, терапевттің тексеруінен өтуі тиіс. Егер оның медициналық көрсеткіштері жақсы деңгейде болса, ерікті қан тапсыра алады.