Биыл білім қызметкерлері кәсіподағына 100 жыл. Мерейтой аясында түрлі іс-шаралар өтіп жатыр. Соның бірі - «Өнерім саған кәсіподақ» атты сурет байқауы. Шығармашылық сайысқа 50-ден астам туынды келіп түсті. Бұл суреттерді облыстық бейнелеу өнері музейінде ұйымдастырылған көрмеде тамашалауға болады.

 Көрмеге қойылған 50-ден астам картинаның жартысына жуығы аудандық кезеңнен іріктеліп алынған туындылар. Қыркүйектің басында басталған байқау желтоқсан айының 16-ында мәресіне жеткен.

АЙГҮЛ САҚЫПКЕРЕЕВА, СҚО БІЛІМ БЕРУ КӘСІПОДАҒЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

- Байқауға 13 ауданнан және Петропавл қаласының кәсіподақ мүшелерінен жұмыстар келді. Сол жұмыстар кабинетімізде ғана тұрмай, қала тұрғындары да көрсін деп осындай көрме ұйымдастырдық. Облыстық музей бірлестігінің басшысына ұсыныс жасап көріп едік, бірден қабылдады.

ЗКТ: Жалпы, байқау 3 номинациядан тұрады: қолөнер, кесте тігу және қабырғадағы живопись. Туындалардың тақырыбы әртүрлі. Мысалы, Жанар Мырзахметова киізбен жайлауды бейнелеген.

ЖАМАЛ МЫРЗАХМЕТОВА, М.ҚАРБЫШЕВ АТЫНДАҒЫ №40 ОРТА МЕКТЕП МҰҒАЛІМІ:

- Мен байқауға қатысып, көп тәжірибе жинадым, шабыт алдым. Мектепте көркем енбектен сабақ беремін. Картиналарды киізден жасаймын, яғни панно. Байқауға әзірлеген туындыма екі үш күн уақыт кетті. Әрине, қиындықтар болды. Бірақ, көрген жандар жоғары бағалап, қуантып жатыр.

Көрме қаңтардың 15-не дейін жұмыс істемек.