Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыс бойынша филиалы "Алғашқы медициналық-санитариялық көмектің көшбасшысы" атты байқау ұйымдастырып, жеңімпаздар анықталды. Айта кетейік, өңірде 19 медициналық ұйым, 13 аудандық, 6 қалалық, оның ішінде 3 жекеменшік медициналық-санитариялық мекеме көмек көрсетеді.
Емханаларда көрсетілетін алғашқы медициналық-санитарлық көмек бүкіл денсаулық сақтау жүйесінің негізі болып есептеледі. Өткізілген байқаудың мақсаты – медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдарды ынталандыру, медициналық қызметтердің сапасын арттыру. Алғаш рет ұйымдастырылған іс-шара қыркүйектің 1-і мен қарашаның 30-ы аралығында өтті. 18 медициналық ұйым, бесеуі қалалық емхана, оның ішінде екеуі жеке меншік және он үші аудандық емхана қатысты. Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудің көшбасшысы» конкурсының жеңімпазы деп Ақжар аудандық ауруханасы танылды. Жалпы жеңімпаздарға демеушілердің атынан арнайы медициналық сыйлықтар табыс етілді.