Петропавлда сән мен өнер тоғысқан ерекше кеш өтті. Зарина Мавляни сән үйінің құрылғанына 10 жыл толуына орай өткен концерт-шоу көрермендерге керемет әсер сыйлады.
Ұлттық нақыштағы жоғары сапалы киім үлгілерін ұсынатын сән үйі бүгінде тек Қазақстанда ғана емес, Еуропа мен Түркия елдерінде де жоғары сұранысқа ие. Дизайнердің ерекше топтамалары ұлттық өнер мен заманауи сәннің үйлесімділігін шебер көрсетеді.
ЗАРИНА МАВЛЯНИ, ЗАРИНА МАВЛЯНИ СӘН ҮЙІНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ:
- Осыдан 10 жыл бұрын өз жұмысымды 5 шаршы метрлік «Мир страз» бутигінен бастадым. Сол кезден бастап қолөнерге қызығып, оны тереңірек зерттедім. 2019 жылы ұлттық нақыштағы сәнді кестені ең үздік дизайнерлерден үйрендім. Менің арманым – Петропавл тұрғындарын әдемі той көйлектері мен және балаларға арналған «тұсаукесер» киімдерімен қамтамасыз ету еді. Осы арманымның арқасында соңғы 5 жыл бойы осындай сәнді киімдер тігіп, керемет командамен бірге жұмыс істеп келеміз. Қазір кәсіпкерлер және инвесторлармен серіктестік орнатып, қымбат жабдықтар алу үшін демеушілермен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Сонымен қатар, біз тек облыста емес, шетелде де танылғымыз келеді.
Іс-шара барысында көрермендер ұлттық нақыштағы бірегей сән көрсетілімінің куәсі болды. Кеш барысында дәстүрлі қазақ ғұрыптарына арналған ұлттық киімдер, іскерлік және кешкі сән көйлектері, сондай-ақ ұлттық стильдегі мектеп формалары ұсынылды. Әрбір киім қолмен тігіліп, ерекше аксессуарлармен және қазақ мәдениетін бейнелейтін қайталанбас элементтермен безендірілген.
ГҮЛБАҚША МҰСАБАЕВА, «ЖІБЕК ЖОЛЫ» СӘН ТЕАТРЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ:
- Бүгін біздің қаламызда керемет салтанатты күн. Себебі әйел әрдайым сұлулыққа ұмтылады, Әлем әйелмен әдемі. Сондықтан Зарина Мавляни, Зарина сән үйі бүгін Қазақ театрында. + скл 00:54 – 01:12 Сондықтан әрдайым қазақтың әйелі тек қана сұлулық пен мәдениеттің арқасында әлемді біріктіретін болсын. Сәттілік біздің Заринамызға! Зарина сән үйі Қазақстанды ғана емес, әлемді де танымал етсін.
КСМ: Сонымен қатар, сән үйі келесі жылдан бастап ер адамдарға арналған шапандар тігуді жоспарлап отыр. Зарина Мавлянидің айтуынша, ұлттық стильдегі киімдерге деген сұраныс жыл сайын артып келеді.