2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Севказэнергосбыт" ЖШС электрмен жабдықтау қызметін тоқтатады. Енді тұтынушыларға бұл қызметті кім ұсынады және оның себебі неде?
Жаңа жылдан бастап "Севказэнергосбыт" ЖШС электрмен жабдықтау қызметін тоқтатады. Электрмен жабдықтау шарты бойынша энергиямен жабдықтаушы ұйымның міндеттері "Солтүстік-Қазақстан Электржелілік Тарату Компаниясы" акционерлік қоғамына өтеді". Бұл шешім осы жылдың шілде айында қабылданған "Электр энергетикасы туралы" заңдағы түзетулерге байланысты шығарылды.
МАҒАУИЯ САҒАНДЫҚОВ, "СЕВКАЗЭНЕРГОСБЫТ" ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:
- Енді Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 8 шілдедегі «Электр энергиясы туралы» заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес электр энергиясы тұтунышыларына қызмет көрсету, электр есептегіштердің көрсеткішін тіркеу, есептемелер бойынша есептеулер жүргізуді Солтүстік-Қазақстан электржелілік тарату компаниясы іске асырады. Осы ретте, қарапайым тұтынушыларға алаңдауға себеп жоқ.
Коммуналдық төлемді гаджеттер мен интернет-қосымшаларын қолданбайтын тұтынушылар ЖЖабаев, 66 мекенжайындағы кассаларда төлей алады.
МАҒАУИЯ САҒАНДЫҚОВ, "СЕВКАЗЭНЕРГОСБЫТ" ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:
- Жұмабаев көшесі, 66 мекенжайындағы сервис-орталықта жылумен жабдықтау қызметтері МЕН бірыңғай есеп айырысу қызметтерінің төлемдерін қабылдау үшін 3 касса жұмыс істейді. Естеріңізге сала кетейік, тұтынушылардың шоттарын "Қазпошта" АҚ кассалары, банктік қосымшалар, екінші деңгейдегі банктер, терминалдар және онлайн төлемдер арқылы төлеуге мүмкіндігі бар.
Өңір тұрғындары сұрақтар туындаған жағдайда 87152 500 666 байланыс орталығының телефон нөміріне хабарласа алады.