Есіл ауданында соңғы 5 жылдың ішінде 17 мектеп және 1 балабақшаға күрделі жөндеу жүргізілді. Ал, ендігі жылы тағы 2 білім ордасы жөндеу көрмек. Жалпы, ауданда барлығы 27 мектеп бар. Оның 16-сы орта, 6-ы негізгі, және қалған 5-еуі бастауыш мектеп.
Есіл ауданындағы Қараағаш негізгі мектебі 1979 жылы салынған. Содан бері білім ордасына биыл алғаш рет күрделі жөндеу жүргізілді. Осы жылы мектептің тек бірінші қабаты жөнделсе, ендігі жылы 2 – қабаты жөндеуден өтпек.
НҰРБАҚЫТ САҒАЙ, ҚАРААҒАШ НЕГІЗГІ МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
- Биыл маусым мен тамыз айының аралығында мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 47 млн теңге бөлінді. Кіребіріс пен дәлізге, асханаға, қабырғалар мен едендерге күрделі жөндеу жұмыстары жасалды. Ең бастысы, бұл балаларымызға қуаныш болды. Мектеп жылы.
Негізгі мектепке қазіргі таңда 10-нан астам мұғалім сабақ береді. 30 шақты оқушы бар. Бүгінде Есіл ауданына қоныс аударушылардың қатары артып келеді. Сондықтан, алдағы уақытта оқушылардың да саны көбеймек.
ГҮЛМИРА ДАУЫТБАЕВА, ЕСІЛ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
- Ендігі жылға келетін болсақ 2025 жылы тағы екі мектепті күрделі жөндеуден өткізу жоспарда бар. Олар: «Петровка» орта мектебі және Асқар Игібаев атындағы орта мектеп.
Жалпы, Есіл ауданында барлығы 3040 оқушы бар. 700-ге жуық ұстаз жұмыс істейді. Биыл ауыл мектептеріне 10-нан астам жас маман келген.