Өңірде жыл басынан бері жедел респираторлық вирустық инфекцияны 25135 адам жұқтырған. Бұл өткен эпидемиялық маусыммен салыстырғанда 6,8%-ға төмен. Ауырғандардың көбі - 14 жасқа дейінгі балалар. Соңғы аптада облыста ЖРВИ-дің 4012 жағдайы тіркелді. Аурудың негізгі белгілері: жоғары температура, жалпы интоксикация, әлсіздік, тамақ ауруы, мұрын бітелуі. Алғашқы белгілері байқалған кезде дереу медициналық көмекке жүгіну қажет. Ауруды таратпау мақсатында баланы балабақшаға немесе мектепке жібермеу керек. Ұзақ мерзімді ауру көбінесе асқынуларды тудырады. Олардың ішіндегі ең көп таралғаны және қауіптісі – өкпенің қабынуы. Оның алдын алу үшін үй-жайды күн сайын желдету, қолды мұқият жуу, антисептик құралдарын пайдалану, адамдар көп жиналатын іс-шаралардан бас тарту не бетперде тағу, иммунитетті нығайту, спортпен шұғылдану және уақытында ұйықтап, тамақтану сапасын бақылаған жөн.