Мемлекет білім беру саласына және педагогтардың лайықты еңбегіне инвестиция тартып жатыр. Сонымен қатар, саладағы сыбайлас жемқорлық мәселесін шешу міндеті тұр. Соңғы төрт жылда білім беруде бюджеттік қаражатты ұрлағаны үшін елімізде 140-тан астам адам сотталған. Осыған орай қазан айынан бастап өңірде онлайн бюджеттік мониторинг жүргізіліп жатыр.
Мемлекет білім беру инфрақұрылымын жақсартуға инвестиция тартып жатыр. Заманауи мектептер салынып, педагогтардың еңбекақысы жыл санап артып келеді. 2021 жылдан бері еңбекақы екі рет көбейді. Сондай-ақ, мұғалімге санаты және қосымша сабақтар үшін де төлем жасалады. Алайда, осыған қарамастан сыбайлас жемқорлық сақталып отыр.
АЙДОС ЖҮНІСОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ М. А.:
- 2020 жылдан бастап, республика бойынша білім беру саласындағы бюджеттік қаражаттарды ұрлаумен байланысты қылмыстық істер бойынша 140-тан астам адам сотталды. Егер алғашқы жылдары бұл мәселе бірен-саран болса, бүгінде білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық шынымен де жүйелі сипатқа ие болды.
КСМ: Бюджеттік қаражатты ұрлау көбінесе барлық кезеңдерде, яғни жоспарлаудан бастап еңбекақы төлеуге дейін кездеседі. Сыбайлас жемқорлық схемаларына, мысалы, марқұмдардың атына еңбек ақы немесе жеке есепшоттарға заңсыз ақша аудару жатады. Бұл – білім беру ұйымдары басшылары тарапынан бақылаудың әлсіздігі, деп атап өтті сарапшылар.
ЛӘЗЗӘТ ЖАЛМҰҚАНОВА - № 17 ҰЛТТЫҚ ӨРКЕНДЕУ ОРТА МЕКТЕП-КЕШЕНІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
- Бүгін біздің мектеп басшыларының алдында Антикоррупциялық комитет және мемлекеттік аудит бірнеше сұрақ қойып, нәтижелерін баяндайды. Басшы ретінде, біздің СҚО-да осындай факторлар бар екенін түсінеміз. Барлық жағдайды өзіміз бақылап, бүгінгі жағдайды көріп, білмейтін мәселелерімізге сұрақ қойып, соларға жауап аламыз.
Еңбекақы төлемдері бойынша онлайн бюджеттік мониторинг қазан айынан бастап Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің тапсырмасымен жүргізіліп жатыр. Нәтижелер жоғары тәуекелдерді көрсетіп отыр.
ҚАНАТ ДОСЖАНОВ-СҚО БОЙЫНША ІШКІ МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Білім беру саласында еңбекақының артық төленгені анықталып отыр. Осындай 58 факті бар. Сондай-ақ, күмәнді төлемдер анықталды, мәліметтері қазіргі уақытта тексеріліп жатыр. Егер негізсіз алынған қаражаттар анықталса, аудит шаралары тағайындалады немесе мониторинг объектісі заң бұзушылықтарды жояды.
Қателіктер үшін төрт есепші тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Биылғы айда бюджеттік мониторинг өңірдің мәдениет саласындағы объектілерді де қамтиды.